Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 фев 2025

«Жазушының насихаты – оның көркем шығармасы»

 

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің туылғанына 85 жыл толуына орай «Жазушының насихаты – оның көркем шығармасы» атты шығармашылық шолу болып өтті. Шараға №20 Д.Құрманбек атындағы колледж студенттері қатысты.

Іс-шара барысында кітапханашы Жамила Серікқызы қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріп, жазушының әдеби мұрасын қамтитын кітап көрмесімен таныстырды.

Көрмеде Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан зор үлесін көрсететін шығармалары қойылды.

Оқырмандар көркем шығармалардан үзінділер оқып, әсерлі пікірлерімен бөлісті.