Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
14 фев 2025

«Ауғанның отты жалыны»

 

Аудандық «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен Шойманов ауылдық мәдениет үйінде «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші болып өтті. «Ел ерімен мақтанар» атты кітап көрмесінен бастау алған шара, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмахановтың алғы сөзімен ашылды. Шараға арнайы ауған соғысының ардагерлері, кітапханашылар, жастар және мектеп оқушылары қатысты.Шара барысында ардагерлер он жылға созылған сұм соғыстың қасіретіне тоқталып, жауынгерлік тапсырмаларды қалай орындағаны, түрлі ұлт өкілдерінен құрылған әскерлердің достығы туралы, жас жеткіншектерге патриоттық рухты оятатын естеліктер айтты. Оқушылар ауған ардагерлеріне сұрақтар қойып, патриоттық өлеңдер оқыды. Аудандық мәдениет сарайының әншілері әннен шашу шашты.