Поэзия – жұмбақ әлем. Өлең – біреу, ал «Ақынмын» дегендер көп-ақ. Адам болған соң сезім бар, талғам бар, талғам бар жерде ой таласы да туындап жатады. Сол ойлардан кейде жақсы өлеңдер оянады. Ақын мен өлеңге берілген ешқандай анықтама жоқ. Ақынның көңіл күйі, бақытты шағы, қайғылы сәті – бәрі өлең өрнектерінен көрініп жатады. Ақын
Аққұштап Бақтыгереева апамыз айтқандай «Өлең жасыңды баласынып, кәріңді төрінен түсірмейді».
Осы өлеңге, ақынға байланысты «Отырар» кітапханасында «Оқитын Отырар» жобасының аясында «Менің сүйікті ақыным» атты тақырыпта мемлекеттік қызметкерлер арасында кітапханалық кезекті мәдени, рухани кездесу яғни, әдеби қонақжай кеші өткізілді. Шара барысында мемлекеттік
қызметкерлер өздерінің сүйіп оқитын ақындары туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер оқыған кітаптары жайлы, өмірден алынған сабақтары туралы әңгімелер өрбітті.
Бұл кездесуден түйгеніміз – бізде кітап оқитын, ой-талғамдары жоғары өз көзқарастарына бекем, білімді жастарымыз көп! Осы тұрғыда жыл бойына шараларға атсалысқан оқырманға кітапхана ұжымы алғыс білдірді. Жыл бойы жасалған жұмыстар қорытындыланды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.