Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 окт 2024

«Тағдырлар тоғысқанда»


Қайырлы күн қымбатты оқырмандар!

Кітапханамыздың бай қорынан ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжанның «Тағдырлар тоғысқанда» атты жаңа кітабын назарларыңызға ұсынамыз.

Жазушының бұдан бөлек «Қасірет пен тағдыр», «Жалғыздың жарасы», «Үлкен үйдегі үрей» сынды романдары мен прозалық шығармалары көпшіліктің рухани азығына айналды десек те болады.

Ал, бұл жаңа кітапта бірнеше хикаяттар мен әңгімелер және «Жалғыздың жарасы» атты романы сыр шертеді. Автор бұл романын Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнаған.

Сәуле Досжанның «Тағдырлар тоғысқанда» атты кезекті кітабы оқырмандар қауымының ілтипатына бөленіп, айнымас, рухани серігі болатынына сенімдіміз.

Ендеше, жаңа кітап өз оқырмандарын күтеді!