Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 авг 2024

БҮГІН – АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН САЗГЕР, ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ, ДАҢҚТЫ ЖЕРЛЕСІМІЗ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ


Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды.

Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.

Бүгін кешкі сағат 19:00 -де Шәмші ауылында “Әнім сен едің” атты гала- концерт өтеді.

Концертке Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері, “Менің Қазақстаным”ән байқауының әр жылғы лауреаттары қатысады. Шәмші Қалдаяқовтың ғажайып әндерін бірге шырқауға шақырамыз!

«Халқым барда – менің әндерім де бар» деген Шәмші тойы ешқашан тарқамасын!