Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 июл 2024

100 кітапты сыйға тартты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында кітап оқуға айрықша көңіл бөліп, «Біз, ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Шын мәнінде озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы - кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», - деп атап өтті. Осыған орай Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының ұжымы мемлекет басшысының атынан Шәмші ауылдық кітапханасына оқырман сұранысындағы 100 кітапты сыйға тартты.

Игі шараға ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары және кітапханашылар қатысып, сыйға тартқан кітаптар үшін шексіз алғыстарын білдірді.