Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 июл 2024

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРІМЕН БЕНЕФИС - ШОУ ӨТТІ


Бүгін Отырар аудандық балалар кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Зейінді ұрпақ – ұлт болашағы» атты тақырыпта аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздарымен бенефис-шоу болып өтті.

Аталған бенефис-шоу кейіпкерлері - Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп – гиназиясының 8 – сынып оқушысы, облыстық «Ер Тарғын» жыры байқауының ІІ орын иегері Зайнидинов Нұрбақыт, «Бас жүлде» иегері, Жамбыл атындағы мектеп – лицейінің 4 – сынып оқушысы Берік Кәусар, «Мұңлық - Зарлық» жыры байқауының І орын иегері М.Әуезов жалпы білім беретін мектептің 8 - сынып оқушысы Бабахан Кәусар кітапхана төрінде жұлдыздай жарқырады.

Бенефис-шоу кітапхананың кішкентай оқырманы Айым қыздың «Біз бақытты баламыз» әнімен ашылып, шоу кітапхана директоры Айна Смайылқызының сөзімен жалғасты.

Шоу барысында кейіпкерлер өз өнерін көрсетіп, байқауға байланысты сұрақтарға жауап беріп, байқаудан алған әсерлері мен ата- әжелерінің айтқан ақыл – кеңесі мен қолдаулары жайында әңгімелеп, әдеби ойындарға белсене қатысты.

Шара соңында кітапхана меңгерушісі Лаура Рахматуллаева шоу кейіпкерлеріне сыйлықтар табыстады.