Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Сәуір 2024

«2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне»

2 сәуір - Балаларға арналған халықаралық кітап күні. Бұл мереке 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі.

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне» орай 3, 4 сынып аралығындағы оқушылардың қатысуымен «Кітапта бар даналық» атты танымдық сағат шарасы болып өтті.

Кітапханашылар балаларға арналған кітап көрмесімен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.

Шара барысында оқушылар кітап туралы мақал-мәтелдер мен өлеңдерді жарыса оқыды.

Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғынамыз.