Бүгін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқанының "Мөлдір бұлақ" апталығы аясында су айдындарының аумақтарын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметшілері, жастар мен еріктілер тобы белсенді атсалысуда.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген «Мөлдір бұлақ» апталығында Көксарай ауыл округіндегі орталық сулы каналының бойына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында канал бойындағы арық-атыздар қоқыс-қалдықтардан тазартылып, ретіз өскен жыңғылдар оталды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барша аудан тұрғындарын сенбілік шараларына белсене қатысуға шақырамыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.