Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 Мамыр 2024

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: ШАРДАРАЛЫҚТАР СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ


Шардара ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Тарқата айтсақ, «Мөлдір бұлақ» апталығына орай қала жастары мен қоғамдық жұмысшылар Сырдария өзенінің жағасында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында өзен маңындағы күл-қоқыс жиналып, ретке келтірілді.

Акция басталғалы бері ауданда өткен іс-шараларға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар мен еріктілер белсенді атсалысуда. Сондай-ақ, аудан азаматтары барша аудан тұрғындарын, әрбір азаматты өзінің үйінің ауласын және әрбір қызметкерлерді қызмет етіп отырған мекемесінің ауласын көгалдандыруға, көркейтуге, ағаш егуге, қоқыстан тазалауға шақырады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі