Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Мамыр 2024

"ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ" ОТЫРАРЛЫҚТАР АРДАГЕРЛЕР САЯБАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ


Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылы бойында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның аталған елді мекенде өтуі аудандағы туристік нысандарға келушілер жүретін маңызды күре жол екені ескерілді.

Іс-шараға Түркістан облыстық мәслихат депутаты М.Манапов, «Аманат» партиясы Отырар аудандық филиалының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, білім, музей, белсенді жастар және еріктілер қатысты.

Іс-шара барысында саябақтың шарбақтарды ретке келтіріп, ағаштарды ақтау, келушілерге арналған арнайы орындықтарды сырлау және ретсіз өскен ағаштарды аралап кесу жұмыстары ұйымдастырылды.