Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Мамыр 2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАРТ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ


«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Фараб» кітапханасының ұжымы Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданының тұрғыны Керімбаева Гүлсім апаның үйінде тазалық, сырлау-әктеу жұмыстарын атқарды.

Кітапханашылар Гүлсім апаға арнайы бір реттік материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен, химиялық тауарлармен қамтамасыз етті. Түркістандық 67 жастағы Гүлсім апа өз кезегінде кітапханашыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Мекеме директоры Жанат Сәдібекқызы алдағы уақытта Гүлсім апаға кітапхана тарапынан жүйелі түрде көмек көрсетіліп тұратындығын жеткізді. Ұйымшылдығы жарасқан «Фараб» кітапханасының ұжымы бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мұқтаж жанға көмек көрсетуге арнады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі