Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік туындылардың бірі - Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы. Қазақ халқының серілік дәуірінің нышаны болған «Арқаның ардагері» атанған Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапханада кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сәкеннің «Ақан серісі» атты кітап талдау кеші болып өтті. Кеш барысында романдағы бас кейіпкер мен тарихи тұлғалар, жер-су аттары туралы кеңінен әңгіме өрбіп, тақырып аясында сұрақтарға жауап берілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.