Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 Ақпан 2024

«Оқитын ұлт»


«Оқитын ұлт» жобасы аясында жасалған жоспарға сәйкес орталық кітапхана қызметкерлері үстіміздегі жылдың атаулы күндері мен «Бір ел - бір кітап», «Бір өлке - бір кітап» акцияларын насихаттауда Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейінде «Отырар – оқитын өлке», «Әлемді тану үшін кітап оқы!» атты кең көлемдегі жылжымалы кітап көрмесінің таныстырылымын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, аталмыш мекеме ұжымымыен бірлесе отырып, ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай ақын шығармалары дәріптеліп, оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Шара соңында аталмыш мектеп оқушылары Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Шаханов және Әселхан Қалыбекованың өлеңдерін жарыса, жатқа оқыды.

Сондай-ақ, «Бір сұрақ» айдарында балалар кітапханасының қызметкерлері оқырман балалар арасында сұрақтар қойып, оқушылардан тұщымды жауаптар алып, тәттілер үлестірді.