Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Ақпан 2026

Сыйластық пен түсіністік - отбасының ажырамас құндылықтары болып табылады.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың сан ғасырлық тәрбиесінің негізі. Отбасында өзара сыйластық болған жағдайда ғана татулық пен бірлік сақталады. Отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Шойманов ауылдық кітапханасында «Қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтары» атты басқосу жиыны болып өтті. Кітапхана қызметкері М.Шәріпбекова тақырып аясында кіріспе сөз сөйлеп, жиынның мақсатын айта келе, арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтті . Жиын барысында Отбасын қолдау орталығы директорының орынбасары А. Айтөреева отбасы құндылықтарын сақтауда ата-анамен бірлесе ұйымдастырылған жұмыстар және ұлттық салт-дәстүрді насихаттау арқылы жас ұрпақтың отбасына деген құрметін арттыруға болатынын түсіндірді. Әжелер қауымы отбасының құндылықтары – мейірім, сыйластық, жауапкершілік пен тәрбие екенін айтып, осындай құндылықтар сақталған отбасы ғана берік болатыны туралы сөз қозғады. Ал берік отбасы дегеніміз – мықты қоғамның негізі болып табылады.

Тәрбиелік мәні зор бұл жиында отбасы құндылықтарын дәріптеу – әрбір азаматтың парызы екендігі айтылды.