Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Ақпан 2026

Бүгінде діни экстремизм қоғамда өткір мәселе болып тұр.

Ұлттың өзін-өзі сақтайтын факторлары бар. Олар тілі, діні, тарихы, атамекені және дәстүрі. Діні мықты халықтың санасы да сергек, іргесі де тұтас болмақ.

Дәстүрлі дін адам баласын ізгілік пен сабырлыққа ұйытып, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан тыяды, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстауға тәрбиелейді. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Мемлекет дінсіз болмайды, дін мемлекетсіз болмайды. Осыған орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің бастауы – діни сауатсыздық» атты пікір алмасу кеші болып өтті. Бұл кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сәрсек, аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы керектігі туралы айтып өтті. Кеш қонақтары тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарды жат ағымдардан сақтандыру туралы сөз қозғады.