Аудандық орталық кітапханада 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай «Мейірімді қоғам, мейірімді жүрек» атты зағип жандармен кездесу кеші болып өтті. Бұл күн – жарықты көзбен емес, жүрекпен сезетін жандардың күні.
Кеш барысында аудандық зағиптар қоғамының төрағасы П. Ахаев мырза шараны ашып, жылы лебізін білдірді. Шара барысында Брайль әліпбиінің тарихына шолу жасалып, көрініс көрсетіліп, әсерлі әндер шырқалды.
Зағип жандардың өмірге деген сүйіспеншілігі, қайсарлығы мен төзімі бәрімізге үлгі. Көзбен көрмесе де, көңіл көзімен әлемнің сұлулығын сезетін жандарға құрметіміз шексіз. Кітапхана атынан шараға қатысқан жандарға сыйлықтар табыс етілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.