Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Қыркүйек 2025

"Мемлекеттік тіл - елдігіміздің тірегі"

 

Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Шеңгелді ауылдық кітапханасында кітапханашылардың кәсіби біліктілітерін шыңдау, іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шебер сынып аясында Қазақстан халқының тілдері күніне орай "Мемлекеттік тіл - елдігіміздің тірегі" атты танымдық кеш болып өтті. Кеш Отырар ауданының 90 жылдығы мен биылғы мерейтой иелеріне арналған "Шежірелі құт мекенім - Отырар" атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды.

Кітапханашы Г.Сланова кештің мақсатына тоқталып, айтулы күннің мәні мен маңызы туралы сөз қозғады. Кеш барысында кітапхана оқырмандары тіл туралы өлеңдерді жатқа оқып, ән мен күй орындады. Сонымен қатар кітапханашылар арасында "Кім жылдам" атты сергіту сәті ұйымдастырылып, тарих, әдебиет, кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің біліктілігі мен білімділіктерін көрсетті. Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова қорытынды сөз сөйлеп, кештің мазмұнды өткенін айта келе кешке белсене атсалысқан оқырмандарды марапаттады.

Кеш соңында ауылдық кітапханашыларға көмек ретінде әдістемелік құралдар мен сценарилер топтамасы таратылды.