Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Мамыр 2025

«Болашаққа үміт, жастарға сенім»

 

Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді. «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс – шараға жастар, оқырмандар қатысты. Шара барысында жастар бойындағы патриоттық сезімді оятатын бейнеролик көрсетіліп, «Суреттер сөйлейді», «Авторды тап» секілді ойындар ойнатылды. Аға буын өкілдері жастардың даму мүмкіндігі көп екенін, жастарға қызыға қарайтындарын жеткізсе, жастарымыз аға буынның ізінен еріп, үмітті ақтауға тырысамыз деп уәде етті.