Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Осы орайда "Отырар" кітапханасының қызметкерлері оқырман санын арттыру, кітап оқуға қызықтыру мақсатында мекеме аралап, кітапханалық қызмет көрсетті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Белсенді ұзақ өмір орталығы, Шәуілдір ауыл әкімшілігі, Аудандық спорт бөлімі, Оңтүстік жарық ЖШС бөлімі, «Отырар» алқабы редакциясына барып, жаңа түскен әдебиеттер мен библиографиялық өнімдер ұсынылды. Атап айтқанда, мекеме қызметкерлеріне «Әр қазақ оқуы керек 10 кітап», «Жақсы кітап - жан азығы», «Жаңа кітаптар керуені», "Балаға кітап оқытудың 5 амалы" атты кітапшалар тарқатты.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.