Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 Ақпан 2025

"2025 жылғы негізгі мақсаттар мен басым бағыттар"

 

"Отырар" кітапханасында ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен "2025 жылғы негізгі мақсаттар мен басым бағыттар" тақырыбында зерделі кеңес болып өтті.

Кітапхана директоры Р.Пернебаева кеңесті ашып, кітапханалардың жалпы жұмысына тоқталып өтті.

Сонымен қатар 2025 жылдың жұмыс жоспары мен 2024 жылдың қорытынды есебіне талдау жасап, кітапханашыларға жұмысқа қатысты талап, тапсырмаларды уақытылы орындау тапсырылды.

Кеңестің "Жыл мерейгерлерін бірге насихаттайық" бөлімінде кітапханашылар Ф.Сихымбаева мен Ж.Серікқызы биылғы жылдың атаулы күндері мен мерейтой иелеріне арнап жасақталған кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырды.

Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Тәменов "Әлеуметтік желілерді пайдалану: жаңа форматтағы платформаларда кітапхана жұмысын насихаттау, жарнамалау" тақырыбында шебер сынып өткізіп, кітапханадағы көпшілік жұмыстарды әлеуметтік желілерде жаңаша форматта жариялау бойынша бағыт-бағдар берді.

Сондай-ақ мекеме басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған ауылдық кітапхана меңгерушілерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.