Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 Сәуір 2025

«Мархабат оқулары»

 

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен оқырмандар арасында жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай «Мархабат оқулары» облыстық ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық іріктеу кезеңі Отырар ауданында өткізілді.

Байқауды Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы ашып беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

«Мархабат оқулары» байқауы төрт кезең бойынша өтті.

І кезең: «М. Байғұт шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу»

ІІ кезең: «М. Байғұт шығармаларын (прозасынан) мәнерлеп оқу»

ІІІ кезең: «М. Байғұттың журналистикаға қосқан үлесі. Жарық көрген мақалалары бойынша зерделеу жобасы»

ІV кезең: «М. Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым»

Байқауға Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қор сақтау бөлімінің бөлім меңгерушісі - Жұманова Гүлзира , аудандық «Отырар» кітапханасының суретшісі - Қалтай Нұрлыбек, №1 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі- Әбдіразаққызы Разия, аудандық мәдениет сарайының көркемсөз оқу үйірмесінің жетекшісі - Әбу Перизат сарапшылық жасады.

«Мархабат оқулары» – өз алдына бөлек дүние, мөлдір мақамды мұхит дер едік. Сол мұхиттан нәр алған жастарымыз жазушының тартымды шығармаларын оқи отырып, жазушының тапқырлығын, ой-қиялының тереңдігін, сөз шеберлігін, тілінің шұрайлы-сұлулығын дәлелдеп, сарапшылардың шешімі бойынша «М. Байғұт шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» кезеңі бойынша Мұратқызы Арайлым, «М. Байғұт шығармаларын (прозасынан) мәнерлеп оқу» кезеңі бойынша Әшірбай Бүркіт, «М. Байғұттың журналистикаға қосқан үлесі. Жарық көрген мақалалары бойынша зерделеу жобасы» кезеңі бойынша Тұрдалы Сымбат, «М. Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым» кезеңі бойынша №4 Ө. Жәнібеков атындағы лицей-интернаты арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Басқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.