Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел - бір кітап акциясы - 2024» аясында жазушы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларын насихаттау барысында «Әдебиетке балалықты әкелген» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді.
Кітапханашылар оқырмандарға жазушы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдқа, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.
Шара барысында жазушының өмірбаяны, Бердібек атаға арнау өлеңдер оқылды.
Сондай - ақ, шарада «Менің атым - Қожа» шығармасы бойынша дайындалған викториналық сұрақтар қойылып, сахналық көрініс көрсетілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.