- Қайрауық інім, қазір келіп жететін атқосшының жетегіндегі тұлпарға мін, домбыраңды қолға алып Отырарға жүр, бұдан былай Отырардың саңлақ күйшісі атанасың, - деді.
Кейіндеп қалған шабарман, атқосшылар келіп жетті. Әміршіге жапырлап тағзым етіп, аяғын санап басқан сәйгүлікті Қайрауықтың алдына тосты. Енді бір уақытта күміс саусақты күйшінің соңында жазылып бітпес әңгімесі бар кер дала, үрпиісіп, үріккен керуен жетімсіреп қала берді. Дешті-Қыпшақ жұртының және бір жарық жұлдызы сорғып барып Отырар қаласынан мекен тапты.
Дүкенбай Досжан "ЖҮЗ ӘҢГІМЕ" кітабынан.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.