Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілеріміз арайлы азаматтығымыздың кепілі-мемлекеттік рәміздер күніне орай Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Туым- теңдігім, Елтаңбам-елдігім, Әнұраным-айбыным» атты патриоттық алаң өткізілді. Шараға Ш. Қалдаяқов мектеп- гимназиясының оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Рәміздер күні құтты да берекелі болып, көк туымыздың мәртебесі биіктей берсін!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.