Мемлекет басшысының “Біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуымыз қажет” деген сөзінің астары өте тереңде. Шын мәнінде кітап оқыған, білім мен ғылымға құштар жас ұрпақ еліміздің болашағы.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы бастаған ұжым Созақ аудандық орталық кітапханамызға келіп, «Ақсүмбе» ауылдық кітапханасына оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға тартты.
Ақсүмбе ауылдық кітапханасына, ауыл халқы мен жастарына жасаған үлкен сыйы үшін алғысымызды білдіреміз!
Бұл игі бастамаға сәттілік тілейміз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.