Өлеңнің де өз тағдыры, бітім-болмысы бар. Мінезі қатал ол екінің біріне ерік бермейді. Ханбибі Есенқарақызы осы киелі әлемге емін-еркін енген ақын. Д. Құрмабекұлы атындағы №20 колледж студенттері арасында «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ханбибі Есенқарақызы туралы «Қазақтың Ханбибісі» атты тақырыпта поэтикалық марафон сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы М. Шәріпбекова ақынның өмірбаянымен шығармашылығына шолу жасады.
Колледж мұғалімі А. Әбдешбек: «Қазақ зиялыларының қолтаңбасы қалған «Шолпан» журналын түгендеуге еңбегі өте зор болған. «Ақ жол» газетінің тарихын архивтен жинақтап, кітап шығарды. Біле білгенге, бұл бір ғылыми орталықтың жұмысы», - деп ақынның халқы үшін жасаған ерекше еңбегіне тоқталып өтті.
Шараға қатысқан студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.