Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Apr 2024

Қозы көрпеш Баян сұлу байқау

Көктем - күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, яғни махаббаттың символы. Адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі – махаббат. Бұл ғажайып сезімді бір сөзбен айтып жеткізу мумкін емес.

Ұлт руханиятындағы теңдесі жоқ ғашықтық жырлармен жастарды сусындату, махаббат деген сезімнің ұлылығын паш ету және жастардың назарын ұлттық құндылықтарымызға аудару мақсатында, 15 сәуір - Ғашықтар күніне орай ІХ аудандық «Ғашықтық жырлар - халқымның құндылығы» атты ғашықтық жырларды мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.

Байқауға әр ауыл округтерінен 11 жұп үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Яғни, ғашықтық жырлардың бірінен сахналық қойылым көрсетіп, ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізе білді.

Байқау қорытындысы бойынша Талапты ауыл округінен қатысқан Даниал Қалдарханұлы мен Зере Нұран Бас жүлдеге лайық деп танылса, Көксарайлық Ерсұлтан Сәдірдин мен Аршат Немат 1 орын, Маяқұмдық Қайратұлы Шыңғысхан мен Мырзағалиқызы Аида 2 орын және Қоғам ауыл округінен қатысқан Нұрислам Әбу мен Гүлсезім Әуелбек 3 орындарды иеленді. Сонымен қатар, үміткерлер арнайы ынталандыру және алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.