Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 May 2024

«Қазақ поэзиясының құлагері»


Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл.

​Ілияс Жансүгіров нағыз жан-жақты дарын иесі. Ол – қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар шыққан, қазақ әдебиет өнерінде өшпес із қалдырған үлкен қаламгер. Өз халқының әдебиетінің іргесін қалап қана қоймай, оның өміршеңдігін нақты өлмес туындыларымен байытқан талантты суреткер.

​Қазақ жеріндегі аласапыран төңкеріске дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ даласында поэзияның, прозаның, драматургияның, аударма, балалар әдебиеті мен журналистиканың тамаша үлгілерінің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан жаңашыл қаламгер.

​Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын, шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын байыту мақсатында № 20 Д.Құрманбеков атындағы колледж студентерімен «Қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби кеш өткізілді. ​Шара барысында ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды. Жастар Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінен, прозалық шығармаларынан және драматургиясынан үзінділер жатқа оқыды.

​Поэзияның жаны тіл болса, осы сөз жауһарларын халқына сарқып берген ақынның дүниелері қазақ әдебиетінің біртұтас қабырғасы іспетті. ​Ендеше ақынның сөзі өлмейді!