Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Apr 2024

«Бақытым да, байлығым да - денсаулық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық - денсаулық». Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп бекер айтпаған.

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 7 сәуір - Денсаулық күніне орай «Бақытым да, байлығым да - денсаулық» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді. Балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттігін, басты байлық екенін түсіндіру мақсатында кітапханашы балаларға денсаулық жөнінде әңгімелесе, балалар мақал – мәтел, тақпақтар айтып жарысты.

Денсаулық деген сөз - деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді.

Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Бүгінгі Денсаулық күні құтты болсын! Ауырмайық!