Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 Mar 2024

«Құпия есіктің кілтін ашатын - Кітап»

Отырар аудандық балалар кітапханасында 24-30 наурыз - Халықаралық балалар кітабының апталығы күніне орай «Құпия есіктің кілтін ашатын - Кітап» атты тақырыпта апталық өтті.

Апталық «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты ашық есік күнінен бастау алып, екінші күні «Кітап – біздің досымыз»/қызықтыру сағаты/, үшінші күні «Біздің сүйікті кейіпкерлеріміз»/сахналық қойылымдар/, келесі күні «Оқимыз, ойлаймыз, ойнаймыз»/қызықты ойын/, соңында «Кітап әлемі – ғажап әлем» /библиофреш/ атты тақырыптарда іс – шаралар ұйымдастырды.

Шара барысында балаларға арналған журналдар, қызықты кітаптар, қиял-ғажайып ертегілер таныстырылды.

Кітапханашылар жас оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы жайлы тоқтала келіп, кітапхана жұмысымен, ережелерімен, кітап қорымен таныстырды. Балалар кітап жайлы тақпақтар айтты, жасырылған жұмбақтарды шешті.

Сонымен қатар ертегі желісімен көрініс қойып, қызықты ойындар да ойнатылып, түрлі әдеби сұрақтар қойылды.