Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда үлкен мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Осыған орай П. Әйтменов атындағы негізгі орта мектепте оқушылар арасында арнайы мамандардың қатысуымен «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыпта пікір алмасу кеші болып өтті. Кешке П. Әйтменов атындағы негізгі орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Оспанов, Жастар ресурстық орталығының психологы Л. Сейтәлиева, Отырар аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер инспекторы полиция капитаны Б. Қапалбайұлы қатысты. Шара барысында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда құқықтық сауаттылық туралы түсіндірілді. Сонымен қатар отбасының маңызы өте зор екендігі айтылды. Әлбетте балаға бірінші кезекте тәрбиені отбасы береді. Егер отбасында баланың рухани дамуына, жетілуіне дұрыс көңіл бөлінбесе, адами қасиеттердің құндылығы құйылып өспесе жағдай қиынырақ болатыны түсіндірілді. Оқушылар тарапынан да арнайы мамандарға көкейде жүрген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.