Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Apr 2024

Осыған байланысты «Оқитын Отырар» кітапханалық жобасының кезекті мәдени, рухани кездесуі болып өтті


- Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік, - деген екен сөз зергері Ғабит Мүсірепов.

Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Осыған байланысты «Оқитын Отырар» кітапханалық жобасының кезекті мәдени, рухани кездесуі болып өтті. Орталық кітапханада өткен бұл басқосуға мектеп кітапханашылары қатысты.

Басқосу «Мен оқыған кітап» тақырыбында оқырмандар конференциясына жалғасып, әр оқырман өздері оқыған кітаптары туралы ойларын ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері М. Жүсіпәлиева Б. Соқпақбаевтың шығармалары туралы айтып өтсе, мектеп кітапханашысы Ж. Оразалиева Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» кітабы туралы кеңінен әңгімеледі.

Тартымды өткен кеш соңында оқырмандар әр тоқсан сайын, кітапхана төріне келіп, отбасы болып, оқыған кітаптары туралы пікір алмасып отыру керектігі туралы ұсыныстарын айтты.