Отырарда аудан тұрғындары «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Ардагерлер» саябағының ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында жол бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, арамшөптер шабылды. Сондай-ақ талдардың түптері әктеліп, суғарылды.
Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа «Ардагерлер» саябағы атауы берілген болатын. Онда бұған дейін бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп- баптау жұмыстары тұрақты ұйымдастырылған. Нәтижесінде бүгінде аталған орында биікке бой созған ағаш-талдар жанға сая, көпшілік көп тұрақтайтын жерге айналған.
Ауданда күнделікті ұйымдастырылып келе жатқан тазалық жұмыстары алдағы уақытта да барлық елді мекенде жалғасын табады деп жоспарланған.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.