Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Apr 2024

«Естен кетпес құт мекенім - БАЙЫЛДЫР»


Бүгін аудандық орталық кітапханада ел ағасы, «Елеулі еңбегі үшін», «Ел ардақтысы» медальдарының иегері Есенкелді Диханбайұлының «Естен кетпес құт мекенім - БАЙЫЛДЫР» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

«Туған жерді түлету, аялау, құрметтеу мақсатында келешек ұрпаққа жүйелі түсініктемелер беріп отыру біздің міндетіміз» деп автордың өзі айтқандай, бұл жаңа кітап Отырартөбе маңындағы Байылдыр ауылының тарихы, сол ауылдың абзал азаматары мен өңірдің ыстық-суығына көнген, бәйтеректей қанатын кеңге жайған тұлғалар туралы сыр шертеді.

1930 жылдары қиын-қыстау уақытта Байылдыр ауылына тағдыр айдап өзге ұлт өкілдері де келіп, тұрақтаған. Сонау жылдарда ынтымақ пен бірліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің нәтижесінде руға, ұлтқа бөлінбей еселі еңбек еткен, Отырар елін, жерін дамытуға зор үлестерін қосқан байырғы байылдырлықтар және олардың ұрпақтары ата қоныстарына келіп бас қосып тұрады.

Шара барысында Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, мазмұнына тоқтала келе, авторға ізгі тілегін білдірді. Шараға қатысқан ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері кейінгі ұрпаққа рухани дүние қалдырып отырған Есенкелді Диханбайұлына алғыстарын білдіріп, өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Автор аудандық орталық кітапханаға аталмыш кітаптың 10 данасын сыйға тартты.

Ендеше, қымбатты көпшілік, баршаңызды «Естен кетпес құт мекенім - БАЙЫЛДЫР» кітабының оқырманы болуға шақырамыз!