Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
25 Jan 2024

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Осы орайда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Адал қоғамды бірге құрайық» атты ой бөліс кеші болып өтті. Іс -шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалымжан Сәрсеков, тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері сонымен қатар жастар орталығының қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып адал қоғам құру үшін парасыз, сыбайлас жемқорлықсыз адал өмір сүру керек екенін айттып өтті.