Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Dec 2023

«Отбасы.Кітап.Кітапхана» жобасы

Жобаның мақсаты – Отбасылық оқу кітапханасын құру. Отбасыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру және біздің оқырмандарымыздың  кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту.

Жоба авторы: Аудандық орталық кітапхана

Іске асыруға жауаптылар: Г.Дәулетова

 

 

             Әрбір ұлттың баласы өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз. Міне, осындай мақсатта кітапханамыздың тұрақты оқырманы Бейсенбай Бекжан ағамыздың отбасына барып «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында пікір алмасу өткізілді.

         Сұхбат барысында «Ақпараты көп, әлеуметтік желіге тәуелді болып өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтарымызды қалай бала бойына сіңіре аламыз?», «Отбасындағы жылулық, ата-ана мен бала арасындағы қатынас», «Кітап оқу бізге не береді?» деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді.

 

 

     Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 13 қыркүйек Отбасы күніне орай «Берекелі отбасы» атты өнегелі отбасымен сұхбат өткізілді.

       Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары  өнегелі, үлгілі отбасы Оспанов Құлмахан ағай мен Ұлсерік апайдың отбасына барып сұхбат жүргізіп қайттық. Сұхбатта Құлмахан ағай жалпы отбасы туралы және бала тәрбиесіндегі отбасылық ұстаным, қағидалары, кітаптың бала тәрбиесіне орны  туралы айтса,Ұлсерік апай отбасындағы әженің  орны, қыз тәрбиесі туралы кеңінен  айтты. Қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тәрбие беретін ата мен әженің орны қашанда ерекше саналған десек, Оспановтар отбасында да қазақи  ұлттық тәрбие көрініс тапқан.