Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Nov 2023

Кітап деген тек қана ақыл, ой, идея ғана емес, кітап – өмір, тәжірибе.

Кітап оқымаған адам «бір өмірді көрсе»,  кітап оқыған адам «мың өмірді»  көреді деп айтсақ, қателеспеген болармыз. Сондай-ақ,  кітап – рухани сарқылмас қазына десек, кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан-дүниесі байиды емес пе?! Бүгінгі таңда кітапханалардың басты міндеті - халықты кітап оқуға бет бұрғызу,  бос  уақытын пайдалы өткізуге үйрету, білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатта  облыс әкімдігінің бастамасымен және  облыстық «Фараб»  әмбебап ғылыми кітапханасының  қолдауымен  халық көп шоғырланған орындарда кітапхана нүктелерін ашу жобасы жүзеге асырылып келе жатыр . Осы  бастама  аясында  көпшіліктің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,   кітапқа қажеттілігін арттыру,  кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру  және  адам жанына рухани азық болар қасиетін түсіндіру мақсатында Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы «Есен ана» мешітінде аудандық орталық кітапхананың кітапханалық нүктесі ашылды.  Кітапхана нүктесінің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы қатысып, бұл нүктенің көпшілік үшін пайдалы әрі тиімді екендігін айта келе, кітапхана ұжымына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, кітап оқуды өмірлік дағдыға айналдыра білудің адамға берері мол екендігін айтып өтті.