Ертегі - бала қиялын ұштайтын таңғажайып әдеби қазына. Балаларды ертегімен тәрбиелеген елдің ұтары көп.
Жаз бойы кітапханамызға келіп, өздерінің сүйікті ертегілерін əңгімелеп, тақпақтарын жатқа айтқан балалар, ертегі кейіпкерлерінен суреттер салып, шахмат ойнап, уақыттарын қызықты да, тиімді өткізді.
Ұлы жазушы М.Әуезов «Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы» деген екен. Сіз бен біздің үміт артқан еліміздің ертеңі - ақылына өнері сай, білімді де, өнерлі ұрпақтарымыз көп болсын!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.