Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Oct 2023

АУДАНДА «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ АШЫҚ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Аудандық әкімдік ғимаратының жанынан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жобаның ашылуына аудан әкімі С.Сұлтанханов арнайы қатысып, ізгі тілегін айта келе, алғашқы оқырман болып тіркелді. Сонымен қатар, кітапхана қорына көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 2008 жылы Шыңжаң халық баспасынан парсы  тілінде жарық көрген «Мынау аппақ дүние» атты кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай  өз сөзінде жаңа жобаның  оқырмандар үшін тиімді екенін айтып, сәттілік тіледі. 

Жобаның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға  қолжетімділігін қалыптастыру.