Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, ерлік пен елдік қасиеттерді дәріптеу, тарих тағылымын ұғындыру.
Кешке арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы және аудандық «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Таңатаров Еркеғали Құралбекұлы ардагерлерге құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.
Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі – ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтіп, олардың бейбіт өмір үшін жасаған жанқиярлық еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Ал партия өкілі жастарды елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті қадірлеуге шақырып, ардагерлерге алғыс білдірді.
Кездесу барысында кітапхана оқырмандары мәнерлеп өлең оқыса, Жамбыл мектеп лицейі оқушылары автоматты аз уақытта шашып, қайта жинақтау өнерін көрсетіп, жауынгерлік дайындықтарын паш етті. Бұл сәт кештің мазмұнын тереңдетіп, жас буынның әскери тәртіп пен жауапкершілікке деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, салтанатты сәтте Ауған соғысы ардагерлеріне қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіліп, сый сияпат жасалды. Бұл – елдің ерге деген тағзымы мен ықыласының айқын көрінісі болды.
Кеш барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, соғыстың ауыр кезеңдері туралы айтып, бейбіт өмірдің қадірін түсіндірді. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды әңгімеден мол әсер алды.
Аталған іс-шара соңында аудандық мәдениет сарайы әншілері патриоттық әнмен көрермендерді жігерлендірді. Мазмұндық тұрғыда бай, тәрбиелік мәні жоғары, кең көлемде ұйымдастырылып, қатысушылардың жүрегінен орын алған тағылымды кездесу болды. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлық – мәңгілік.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.