Оқушылар үшін кітапханаға жасалған әрбір саяхат - жаңа әлемге ашылған есік, таным көкжиегін кеңейтетін тағылымды қадам.
Бүгін Отырар кітапханасына №1 жалпы білім беретін мектептің директоры Н.Масанов мектеп оқушылары және сынып жетекшілерімен бірге саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушылар кітапхана қорымен, бөлдімдерімен, сонымен қатар 2026 жылдың атаулы күндері мен мерейтой иелеріне арнап ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты.
Кітапханаға саяхат - оқушылар үшін пайдалы әрі мәні зор шара. Ол балаларды кітаппен дос болуға, білімге ұмтылуға, мәдениетті оқырман болуға тәрбиелейді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.