Конституция – еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі. Ол - әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын Негізгі Заң. Әр бабы – әділет пен теңдікті, ел дамуының негізін айқындайды.
Бүгін Отырар аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Адам құқығы – ең қымбат қазына» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Шарада оқырмандар Қазақстан Республикасының Ата Заңының негізгі қағидалары, оның тәуелсіздіктің кепілі ретіндегі рөлі және адам құқықтарын қорғау саласындағы қол жеткізілген жетістіктері жайлы ой бөлісті.
Сондай – ақ, дөңгелек үстел барысында Ата заң туралы құқықтық білімін арттырған кітапхана оқырмандары - рухты асқақтатар ән мен жырдан шашу шашты
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.