Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
20 Jun 2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы»

 

📌Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Президенттің бұл бастамасы жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Елдің өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік салалары дәл осы мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенеді. Шикізат өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі, энергетика, инфрақұрылымдық жобалар жұмысшы мамандықтарынсыз мүмкін емес.

📌Осы саланың беделін көтеру, еңбек адамына деген құрметті қалыптастыру және оларды ынталандыру мақсатында «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандар, бар жақсылық сіздер үшін!» атты тақырыпта жұмысшы мамандармен кездесу кеші өтті.

📌Кешке түрлі сала қызметкерлері мен колледж студенттері қатысты.

Қонақ ретінде күзетші, әрі бағбан Арапбаев Мақсұт пен электр маманы, әрі дәнекерлеуші Жандарбек Жандос арнайы шақырылды. Қонақтар өздерінің мамандығы туралы әңгімелеп, қызмет жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ашық сұхбат ұйымдастырылды. Жастарға еңбекке деген құрмет, мамандық таңдаудағы жауапкершілік жайында кеңестер айтылды. Сонымен қатар кітапханашылар әннен шашу шашып, кештің көңілді өтуіне атсалысты.

📌Кітапхана тарапынан жұмысшы мамандарына алғыс хат тапсырылып, құрмет көрсетілді.