Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 May 2025

Жеңіс күні

 

📌Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс Туын көтергеніне 80 жыл толып отыр. Жеңіс күні – ұрпақтар жадындағы ұмытылмас ерлік пен жеңістің мәңгі естелігі.

📌80 жылдық бұл тарихи оқиғаны еске алып ұлықтау мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің!» атты тағлымды іс-шара өтті. Шара «Қаhарман ұрпаққа тағзым» атты ауқымды кітап көрмесін таныстырумен басталды. Сұрапыл соғыс жылдарында қолына қарумен бірге қалам ұстаған майдангер ақын-жазушылар Қ. Қайсенов, Ә. Нұршайықов, Б. Момышұлы, Ә. Шәріпов, Қ. Аманжолов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев т.б. кітаптары кеңінен насихатталды. Іс-шара барысында оқырмандарымыз майдангерлер туралы «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!» атты деректі фильм көріп, ардагерлер туралы естеліктерімен бөлісті. Мектеп оқушылары патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқыды.

📌Бұл күн – тарихымыздағы ең ауыр да, ең қастерлі күндердің бірі. Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына тағзым ету – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Бұл іс-шара – бейбіт өмірдің бағасын ұғынуға, Отанды сүюге тәрбиелейтін маңызды қадамдардың бірі. Бізге мұра болып қалған Жеңіс – батыр бабаларымыздың ерлігі мен халқымыздың табандылығының нәтижесі. Оларды ұмытпау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы – тарихқа тағзым ету, ерлікті еске алу, бейбіт күннің қадірін білуге бағытталған маңызды дата. Бұл күн – ұрпаққа үлгі, елге аманат.