Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 Apr 2025

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕЙІК

 

Жасөспірімдердің, жастардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында Д.Құрманбек атындағы №20 колледж студенттері арасында кітапхананың ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың жолын кесейік» тақырыбында пікір алмасу кеші болып өтті.

Іс-шараға Отырар аудандық полиция бөлімінің «Отбасылық, тұрмыстық, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» тобының аға инспекторы Надирова Зубайра мен «Отбасын қолдау» орталығының маманы Бауыржан Құдайбергеновтер арнайы қатысты. Арнайы мамандар студенттерге құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелері туралы кеңінен баяндама жасады.

Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ойын сауық орталықтарында уақыт өткізуі, оқу орындарының ішкі ережесіне бағынбауы осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты.

Студенттер арнайы мамандарға сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.

Шара соңын арнайы мамандар батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» – деген қанатты сөзімен қорытындылады.