Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Feb 2025

Кітап

 

Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбайұлы айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.

Осы орайда аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тақырыпта кең көлемдегі жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме барысында кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап», «Түркістанның таңдаулы туындылары» акциялары аясында және биылғы жылдың мерейтой иелері мен Дүйсенбай Алтынбеков каналының қазылғанына 95 жыл, Отырар ауданының құрылғанына 90 жыл және «Отырар алқабы» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толуына байланысты тарихи деректер мен көркем әдебиеттерге шолу жасады.