Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Jan 2025

Президент мақаласында

 

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Ана тілі" газетінде жарияланған сұхбатына орай басқосу жиынын өткізіп, сұхбаттың қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұрғаны туралы әңгіме өрбітті.

Президент мақаласында еліміздің экономикасы мен егемендікті нығайту басты мақсаты екендігін және халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстары тұрақты жалғаса беретіндігін жеткізген болатын. Сонымен қатар қазақ тілінің бәсекеге қабілетті екендігін,ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнесті дамыту, әрбір жас алған білімін еліміздің дамуына қосуы керектігін, осы жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" екендігін айтып өтті.

Біз бұл мақаладан еліміздегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік шешімдер қабылданғанын түсінеміз.Президентіміздің ашық әрі мазмұнды сұхбаты қоғам үшін өте қажет деп ойлаймыз.