Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
20 Nov 2024

#Түркістанның_таңдаулы_туындысы_2024 #Нармахан_Бегалыұлы


Түркістан облыстық Мәдениет және Туризм басқармасының бастамасымен Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдан бастау алған «Түркістанның таңдаулы туындысы» облыстық акциясы басталған болатын.

Акция мақсаты - Түркістан өңіріндегі талантты ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау.

Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының ұсынысымен акцияның 2024 жылғы кейіпкері ретінде Ордабасы ауданының тумасы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлы және Сарыағаш ауданының ақыны, журналист Мұрат Бекей таңдалды.

Түркістанның таңдаулы шығармаларын насихаттау мақсатында Отырар аудандық балалар кітапханасы ақын, жазушы Нармахан Бегалыұлының шығармашылығынан «Сары жапырақ саулайды» атты өлеңін библиограф Салтанат Қауымбаеваның оқуында назарларыңызға ұсынамыз.