Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 Dec 2024

Мыңжасар Маңғытаевтың туған күні


Бүгін - сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Отырар перзенті Мыңжасар Маңғытаевтың туған күні.

Мыңжасар Маңғытаев шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады., оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық-аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән.

Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында анық із салған.

Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Сонымен қатар халық оркестріне арнап көптеген вокалдық-хореографиялық композиция және бірнеше мультфильмдерге музыка жазған.

«Құрмет» орденінің иесі.